RU

Еуропада коронавирустан алғашқы өлім тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Францияда аспан асты елінен келген 80 жастағы турист коронавирустан қайтыс болды. Бұл Еуропада қауіпті дерт бойынша тіркелген алғашқы өлім деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Франция денсаулық сақтау министрінің сөзінше, турист Хубейден 16 қаңтар күні келген деп хабарлайды BFMTV телеарнасы.

Вирус жұқтырған деп күдіктелген азамат 25 қаңтар күні ауруханаға жатқызылды. Медициналық мекемеде оны оқшаулау үшін қатаң шаралар қабылданған.

Министрдің сөзінше, науқастың жағдайы бірден нашарлаған.

Ол марқұмның қызы медицина қызметкерлерінің бақылауында екенін айтады. Жағдайы қанағаттанарлық, жақында ауруханадан шығарылады.

Айта кетейік, ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша комитеті сенбі күні елдің 31 әкімшілік провинциялық аймағынан және Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусынан коронавирус жұқтырудың жаңадан 2641 жағдайы тіркелгені және тағы 143 адамның көз жұмғаны туралы мәлімет алған.

Ал бірнеше күн бұрын Жапонияда 200-ден аса жолаушысы коронавирус жұқтырған Diamond Princess круизді лайнерінде төрт отандасымыздың бар екені белгілі болды. Әзірге олар ешқайда шығарылмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еуропада коронавирустан алғашқы өлім тіркелді
Mailfire view pixel