Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны нығайтудың перспективаларын талқылады. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Ауғанстанды еліміздің сенімді серіктесі әрі тату көршісі ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғаниға жақын арада Қазақстан Республикасының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымы бекітілетінін айтты.

Ауғанстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалап, Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін айтты.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхендегі жұмыс сапарының екінші күні Кувейттің премьер-министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесуден басталды.

Мемлекет басшысы екі елдің мемлекетаралық байланыстарының достық сипатын және оның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара ынтымақтастықты нығайту үшін әлеуеттің жеткілікті екеніне назар аударды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841155-tokaev-auganstan-prezidenti-asraf-ganimen-kezdesti/

pixel