Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Опубликовано:

Маңғыстау облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам қайтыс болды. Тағы үш адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер көліктердің бірі жарылып кеткенін айтуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Lada.kz/ Куәгерлер
Фото: Lada.kz/ Куәгерлер: UGC

Оқиға бүгін, 15 ақпанда Батыр-Қызылтөбе тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Куәгерлердің сөзінше, көліктердің бірі жанып кеткен.

Екі келіншек пен ер-азамат ауыр жарақаттары салдарынан қайтыс болды деп жазады Lada.kz.

25 жастағы екі зардап шегуші көптеген жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Тағы бір азамат аталған медициналық мекеменің жансақтау бөліміне түсті.

Айта кетейік, бүгін таңертең Ақтөбе қаласында жолаушылар автобусы мен такси көлігі соқтығысып қалды. Салдарынан 26 адам зардап шекті.

Мәлім болғандай, Ғ.Жұбанова мен Ө.Сейітов көшесінің қиылысында такси қызметіне тиесілі "Volkswagen Polo" көлігі мен №37 бағыттағы "ПАЗ" автобусы соғылды. Салдарынан жолаушылар көлігі аударылып, онда болған 26 адам (19 әйел, 7 ер адам) медициналық бригадалар мен патрульдік полицейлердің көмегімен Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханаларына жеткізілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1841158-magystauda-iri-zol-apatynan-s-adam-kajtys-boldy/

pixel