RU

Қарағанды облысындағы көмір шахтасында өрт шықты

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының маңында орналасқан көмір шахтасында, 100 метр тереңдікте өрт шықты. Бұл туралы ІІМ төтенше жағдайлар комитеті мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

"Өрт кезінде шахтада 116 адам болған. Олар сыртқа эвакуацияланды", – деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Оқиға 15 ақпан күні сағат 21:30-да тіркелген. Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндіру қызметінің 60 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.

ҚазАқпараттың мәліметінше, шахтада тұтанған өрт ауыздықталды.

"ҚР Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінен мәлім еткендей, жалын 6 сағаттан кейін сөндірілді.
100 метр тереңдікте көмір массивінің жарықтарынан жанып жатқан метан ара-тұра атқылап тұрды. ҚР ИИДМ «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтері» Республикалық орталық штабы» ЖШС-ның жүргізген шараларының нәтижесінде жалын 03:40-та өшірілді. Кейін аталған учаскеде көмір массивін суыту жұмыстары жүргізілді. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері нормадан аспайды. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ", – деді ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841186-karagandy-oblysyndagy-kmir-sahtasynda-rt-sykty.html