RU

Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықтар үшін карантин аяқталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Биылғы 2 ақпанда Қытайдың Ухань қаласынан эвакуацияланған 83 қазақстандық пен шетелдік үшін карантин аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан қатерлі вирус тараған Қытайдың Ухань қаласынан екі апта бұрын 83 қазақстандықты (олардың 80-і – студент), бес Беларусь азаматы мен бір Армения азаматын әкелген болатын.

Бұған қоса, 18 қырғызстандық эвакуациялады, олар арнайы бортпен Бішкекке жіберілді.

Қазақстанға эвакуацияланғандар елорданың көпсалалы ауруханасы жанындағы арнайы бөлінген инфекцияға қарсы корпуста 14 күндік карантинде болды. Бұл аурухана Нұр-Cұлтан қаласынан жеті шақырым жерде орналасқан.

Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, олар ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантинттен шыққандардың барлығын тұрғылықты мекенжайы бойынша қосымша бақылауды тапсырды.

Еске сала кетейік, Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің жаңартылған деректеріне сәйкес, 2019-COVID коронавирустық инфекциясынан қаза болғандар саны 1665-ке жетті, тәулік ішінде 2009 адам ауруды жұқтырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайдан эвакуацияланған қазақстандықтар үшін карантин аяқталды
Mailfire view pixel