RU

Қазақстандықтар Интернеттің дұрыс істемей жатқанына шағымдануда

Қазақстан тұрғындары жаппай Google-дың барлық қызметтерінің, сондай-ақ YouTube видеохостингі мен Telegram мессенджерінің, Twitch платформасы мен Instagram әлеуметтік желісінің қызметтері дұрыс істемей жатқанын айтып, шағымдануда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Шағымдардың басым бөлігі Интернет қызметтерінің баяу жұмыс істеуі мен ұзақ жүктелуіне, кейбір бағдарламалардың мүлдем істен шығуына байланысты айтылуда.

Downdetector порталы жоғарыда аталған қызметтер мен бағдарламалар жұмысында ақау пайда болуы бүкіл Қазақстан аумағында байқалып жатқанын мәлім етті. Сондай-ақ дереккөздің мәліметінше, бұл ақаулар ғаламдық сипатта емес, тек Қазақстан аумағында тіркелуде.

Бұдан бөлек, Android платформасының Google Play Market қосымшасында да ақау шыққан. Ал Telegram мессенджерінің 2020 жылғы 13 ақпаннан бері дұрыс істемей жатқаны белгілі болды.

Дегенмен, желі қолданушылары WhatsApp мессенджері мен Facebook әлеуметтік желісінің қалыпты режимде істеп тұрғанын атап өтті.

Бұған дейін Алматы тұрғындары Интернеттегі ақаудың қаладағы ауа райы жағдайына байланысты туындағанын болжаған.

Еске сала кетейік, оңтүстік астанада түнде басталған жаңбырдың арты қалың қарға ұласты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841198-kazakstandyktar-internetti-drys-istemej-zatkanyna-sagymdanuda.html