Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев әлеуметтік желілердің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды

Опубликовано:

Жұмыс сапарымен Германияда жүрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның интернет желісіндегі ақауды жөндеуге тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды.
Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды", – деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, Қазақстан тұрғындары жаппай Google-дың барлық қызметтерінің, сондай-ақ YouTube видеохостингі мен Telegram мессенджерінің, Twitch платформасы мен Instagram әлеуметтік желісінің қызметтері дұрыс істемей жатқанын айтып, шағымдануда.

Бұған дейін мемлекет басшысының қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының панельдік сессиясында "Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме" тақырыбында сөз сөйлегенін хабарлағанбыз.

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөлі арта түсетінін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841199-tokaev-leumettik-zelilerdi-zmysyn-kalpyna-keltirudi-tapsyrdy/

pixel