Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұялы байланыс операторлары Интернеттегі ақауға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Beeline мен Tele2 ұялы байланыс операторларының клиенттерді қолдау қызметі Интернеттегі ақауларға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC
"Біздің тарапымыздан "Үйдегі интернет" қызметінің жұмысында жаппай тежелу байқалуда. Мамандар жақын арада барлығын қалпына келтіреді. Аталған мәселе бойынша жұмыс жүргізілуде", – деп мәлімдеді Beeline ұялы байланыс операторының клиенттерді қолдау қызметі.

Интернет жұмысының жақын арада қалпына келтірілуіне Tele2 операторы да сенім білдірді.

"Қазір расында да Қазақстан бойынша интернет жұмысының тежелуі байқалуда. Мәселенің жақын арада шешілетініне үміттенеміз", – дейді олар.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан тұрғындары жаппай Google-дың барлық қызметтерінің, сондай-ақ YouTube видеохостингі мен Telegram мессенджерінің, Twitch платформасы мен Instagram әлеуметтік желісінің қызметтері дұрыс істемей жатқанын айтып, шағымданған болатын.

Downdetector порталы жоғарыда аталған қызметтер мен бағдарламалар жұмысында ақау пайда болуы бүкіл Қазақстан аумағында байқалып жатқанын мәлім етті.

Жұмыс сапарымен Германияда жүрген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның интернет желісіндегі ақауды жөндеуге тапсырма берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841204-aly-bajlanys-operatorlary-internettegi-akauga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel