RU

БАҚ: Ирактағы АҚШ елшілігі маңына үш зымыран құлады

Жексенбіге қараған түні Ирак аумағына зымыранды шабуыл жасалды. Бағдаттағы "жасыл аймаққа" үш зымыран және Ирак шииттік жасағының штабына бір зымыран құлады. Бұл туралы жергілікті қауіпсіздік органдарының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pxhere.com
Көрнекі сурет: pxhere.com: UGC
"Кеше түнде Бағдатқа төрт "Катюша" зымыраны құлады. Үшеуі "жасыл аймаққа" және біреуі "аль-Хашд аш-Шааби" жасағының материалдық-техникалық қолдау штабына түсті. Оның жанында полиция колледжінің ғимараты бар. Бір автокөлікке, шатырлар мен қосалқы бөлшектер қоймасына зақым келген. Қаза болғандар жоқ", – деп жазды қауіпсіздік органдарының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Al-Arabiya телеарнасы зымыранның "жасыл аймақтағы" АҚШ елшілігі маңына түскенін хабарлаған.

Бағдаттың "жасыл аймағында" үкіметтік мекемелер мен елшіліктер орналасқан.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың арнайы операциясы нәтижесінде "Аль-Кудс" ислам революциясы күзеті корпусының қолбасшысы – генерал Касем Сулеймани қаза тапты. Арнайы операцияға жауапкершілікті Пентагон өз мойнына алып, генералды өлтіру туралы бұйрықты президент Трамптың өзі бергенін мәлімдеді.

Осылайша, АҚШ Бағдаттағы елшіліктеріне жасалған шабуылға жауап қайтарды. Аталған оқиғадан кейін Тегеран қатаң түрде кек алуға уәде берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841206-bak-iraktagy-aks-elsiligi-mayna-s-zymyran-klady.html