Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіліс көрмеген қазақ боксшысы кезекті қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Опубликовано:

Жеңіл салмақтағы қазақстандық былғары қолғап шебері Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) Мексикада кәсіпқой рингтегі 11-ші жекпе-жегін өткізіп, 20 жеңісі бар жергілікті боксшыны нокаутқа жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz: UGC

Мексиканың Тихуана қаласында өткен кездесуде отандасымыз жергілікті тәжірибелі бокшы Мауро Лоретомен (20-10-2, 8 КО) қолғап түйістірді. Абылайхан қарсыласын бесінші раундта сұлатып түсірді.

Осымен Абылайхан Құсайынов кәсіпқой рингтегі он бірінші жеңісіне қол жеткізді. Ал мексикалық боксшы он бірінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетсек, былтырғы шілде айында Құсайынов үшінші раундта армян боксшысы Гарник Арутюнянді (3-2, 2 КО) жеңген болатын.

Бұған дейін жеңіліп көрмеген тағы бір жерлесіміз Батыр Жүкембаевтың кезекті қарсыласын нокаутқа жібергенін жазған едік.

Ол екінші раундта оппонентін ауыр соққының астына алып, екі рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін мексикалық спортшының өкілдері айқасты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы он сегізінші кездесуін жеңіспен аяқтады.

Еске сала кетейік, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн жақында берген сұхбатында қазақстандық боксшының поляк Камил Шереметаға қарсы өткізетін жекпе-жек күні шамамен кейінге шегерілетінін мәлімдеді

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841226-zeilis-krmegen-kazak-bokssysy-kezekti-karsylasyn-nokautka-ziberdi-video/

pixel