Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1700-ге жетті

Опубликовано:

Қытайлық Хубэй провинциясында қауіпті коронавирустан қайтыс болғандар саны 1700-ге жеткен. Соңғы тәулікте вирустың салдарынан тағы 100 адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1700-ге жетті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Коронавирус отанында вирусты жұқтырғандар туралы деректерді өңірлік денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап РИА Новости басылымы жариялады.

Соңғы мәліметтер бойынша, тек аталған провинцияның аумағында ғана ауруды жұқтырғандардың саны 58 мың адамға жетті.

Қайтыс болғандардың саны - 1696 адам.

Басылым соңғы тәулікте 1000 науқастың ауруханадан шыққанын атап өтті. Ал емделіп шыққандардың жалпы саны 6,6 мың адамды құрапты.

Дәрігерлердің бағалауы бойынша, Хубэйде ауруды жұқтырған 8 мыңнан астам адамның жағдайы ауыр, ал 1,7 мыңнан астамы өлім аузында жатыр. Дәрігерлер қауіпті вируспен ауыратындармен байланыста болған 71,6 мың адамды бақылауда ұстауда.

Естеріңізге сада кетейік, бұдан былай Қытай үкіметі коронавирусты жұқтырғанын жасыру мен халық арасында ауруды тарату фактілерін ауыр қылмыс ретінде қарастырады.

Аталған әрекеттер үшін кінәлі деп танылған адамдар өлім жазасына кесілетін болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1841240-kytajda-koronavirustan-kajtys-bolgandar-sany-1700-ge-zetti/

pixel