Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев қар құрсауындағы көшелер қалай тазаланып жатқанын тексерді (видео)

Опубликовано:

Жексенбі күні кешкі уақытта оңтүстік астананың басшысы Бақытжан Сағынтаев қаладағы коммуналдық қызметтердің қарды тазалау мәселесімен қалай күресіп жатқанын тексерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімі қар құрсауында қалған көшелерді тазалау процесін тексерді (видео)
Фото: instagram.com/asaiti: UGC

Әкімнің қар басқан қаланы аралау сәтінің кадрлары Сағынтаевтың баспасөз хатшысы Әсет Мұқажановтың Instagram парақшасында пайда болды.

Әкім ең алдымен жаяу жүру аймағын, тротуарлар және аялдама кешендерін қардан тазалау керек екеніне назар аударды.

Атап өтілгендей, демалыс күндері оңтүстік астанада қалың қар мен жауын-шашын жауып, нәтижесінде қардың ауырлығынан ағаштардың бұталары сынып, электр сымдары қираған.

Әкімнің баспасөз хатшысының сөзінше, әкімдікке көше шамдарының жұмыс істемейтіні туралы екі жүзге жуық хат келіп түсіпті. Түнгі он екіге жақын 90-ға тарта электрсымдар қалпына келтірілді.

"Қаланың коммуналдық қызметінің алдында тұрған ең алғашқы тапсырмаларының бірі - бұталардағы қарды жерге түсіру. Бұл олардың сынып түсуін алдын алу үшін жасалады", - деп жазды өз парақшасында Мұқажанов.

Бұдан бөлек коммуналдық қызметкерлерге тек көшедегі қарды ғана емес, бұталарды да алып тастауға тура келді.

Әкімнің баспасөз қызметшісі демалыс күндері қалыңдығы 18 сантиметрге жететін қар жауғанын хабарлады. Ал тауда қар қалыңдығы 90 сантиметрге жетіпті.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс күні, 15 ақпанда оңтүстік астанада жер сілкінді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841241-sagyntaev-kar-krsauyndagy-kseler-kalaj-tazalanyp-zatkanyn-tekserdi-video/

pixel