RU

"Оңай емес": Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал отандық шоу-бизнес өкілі Динара Сұлтан дүниеге алтыншы баласын әкелді. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелді

Фото: instagram.com/dinara_sultan1

Дианара Сұлтан алтыншы баласын дүниеге әкелгені туралы кеше, 16 ақпан күні хабарлады.

"Адамданан адам шығу оңай емес. Қош келдің ұлымыз. Алла ұлық!", - деп жазды ол.

Жанкүйерлері өнер иесін құттықтап, қуанышына ортақтасты. Жұлдыздың оқырмандары алтын құрсақты ана мен сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп, ақ тілектерін жаудырды.

"Құттықтаймын, Динара!", "Бауы берік болсын", "Құттықтаймын! Динара сен мықтысың", "Өмір жасы ұзақ болсын", "Аман болыңыздаршы", "Сіздерге денсаулық тіледім", "Баланың құрсақтан құшаққа енген күні құтты болсын", "Батыр анасың ғой", - деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, енді Динара Сұлтанның үш қызы, үш ұлы бар.

Әнші жариялаған жазбаға 12 сағатта 3 мыңнан астам пікір жазылды.

Естеріңізге сала кетейік, алтыншы сәбиін күтіп жүрген Динара Сұлтанның төсбелгі мен марапатқа ие болғанын хабарлаған едік. Жұлдыз өнердегі әріптестерінен қалыспай, "Мәдениет саласының үздігі" атанды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Оңай емес": Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелді (фото)
Mailfire view pixel