RU

23 жастағы түрік волейболшысы ерекше сұлулығымен әлем назарына ілікті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

23 жастағы түрік волейболшысы Мислина Килич ерекше сұлулығымен көпшіліктің таңдайын қақтыруда. Оның желіге салған әр суреті қызу талқыға түседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фотореппп

Мислина Килич. Фото: instagram.com/yagmurmislina

Ягмур Мислина Килич "Галатасарай", "Бешикташ", "Туркиш Эйрлайнс" командаларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ ол 2015 жылы 20 жасқа дейінгі қыздар арасында волейболдан әлем чемпионатына және 2018 жылы волейболдан ұлттар лигасына қатысқан.

Бүгінде жас қыз Түркия құрамасы мен "Кале 1957 Спор" командасының ойыншысы.

Оның Instagram желісіндегі парақшасына 31 мың қолданушы жазылған. Киличтің оқырмандары оның спорттағы өмірінен бөлек, сырт-келбетіне ерекше қызығушылық танытады.

Мислина оқырмандарын еш ренжітпей, күнделікті жаңа фотосуреттерін желіге жүктеп отырады. Қолданушылар оның әрбір жазбасына ерекше қолдау көрсетіп, лүпілдері мен жылы лебіздерін аямайды. Тіпті, аруға сезімін білдіретіндер де көп.

"Өте әдемі", "Күн сайын сенің суретіңе қарамасақ болмайды", "Сәттілік тілеймін", "Ханшайым, сіз сондай сұлусыз. Мен сізді жақсы көремін",

"Өте әдемісіз Ягмур ханым", "Сізді жақсы көремін", "Жеңіске жете беріңіз", "Неге сонша сұлусыз?", - деп жазған оқырмандары.

Еске сала кетсек, ешқашан қартаймайтын 43 жастағы әйел сұлулығының құпиясымен бөліскен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
23 жастағы түрік волейболшысы ерекше сұлулығымен әлем назарына ілікті
Mailfire view pixel