RU

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Қазақстанның бірнеше өңірінде апатты дауыл жарияланды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Осылайша, 17 ақпан күні солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, тұман түседі деп күтілуде.

Петропавлда қар жауып, бұрқасын болады.

Ақмола облысында қар жауады деп күтілуде, кей жерлерде тұман, боран соғады. Жел оңтүстік шығыстан солтьүстік шығысқа 15-20 м/с соғады.

Атырау облысында кейде тұман түсіп, көктайғақ болады.

17-18 қаңтарда тұман түседі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері Алматыда жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болды.

Нәтижесінде ылғалды қардың ауырлығынан ағаштардың бұталары сынып, электр сымдары қираған.

Сондай-ақ, қалада 92 ағаш пен 22 бұтақтың құлағаны туралы хабарланды.

Атап өту керек, ылғалды қардың салдарынан сынған бұтақтан алматылық тұрғын зардап шекті.

Бұтақ ауыр қарды көтере алмай, шорт сынып, 26 жастағы жігіттің басына құлаған.

Естеріңізге сала кетейік, оңтүстік астана әкімі Бақытжан Сағынтаев жексенбі күні кешкі уақытта коммуналдық қызметтердің қарды тазалау мәселесімен қалай күресіп жатқанын тексерді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Mailfire view pixel