RU

Тәуекел Мүсілім сүйіктісіне неке қиғаннан кейін ғана сөз салғанын мойындады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Тәуекел Мүсілім жары Махаббатқа некесі қиылған соң ғана жүрегі мен қолын ұсынып, сөз салғанын алға тартты. Актердің сөзінше, ол сүйіктісінің алдында өзге жігіттер секілді тізерлеп тұрмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім сүйіктісіне некесі қиылғаннан кейін ғана сөз салғанын мойындады

Фото: instagram.com/mussilim, instagram.com/mahonti

Бүгінде отбасылы атанған Тәуекел сөз салу мәселесі өзіне біршама қиын соққанын айта кетті.

Оның сөзінше, қазақтың сал дәстүріне жат қылық болғандықтан, өзге жігіттер секілді сүйіктісінің алдында тізерлеп тұрмаған көрінеді.

"Шынымды айтсам, бұл мен үшін қиын мәселе. Себебі әдетте жігіттің тізерлеп тұрып қызға сөз салғанын көретінмін. Ал біздің қазақтың дәстүрінде ондай болмағандықтан мен үшін бұл қиын болды.
Махаббат менің оған сөз салғанымды күтіп жүргенін білдім. Сөз салдым, бірақ тізерлеп тұрған жоқпын", - дейді ол.

Ал жары Махаббатың сөзінше, актер оған тек неке қию рәсімі өткеннен кейін ғана сөз салыпты.

"Сырға салу, неке қию рәсімдері өтіп кеткен. Сол үшін мен оның маған сөз салатынына сенімді болдым. Бірақ дәл сол күні болады деп ойлаған емеспін", - дейді жас келін.

Сондай-ақ, өнер иесінің жары алғашқы кездері енесін "мама" деуге қиналғанын жасырмады.

"Өз анаммен ара-қатынасым ерекше. Сол себептен өзгені "ана" деу қиын болды. Кейін бір-екі рет айтып көрдім, содан соң үйреніп кеттім", - деді Махаббат.

Естеріңізге сала кетейік, Тәуекелдің жары келіндік қызметін қалай атқарып жүргенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тәуекел Мүсілім сүйіктісіне неке қиғаннан кейін ғана сөз салғанын мойындады
Mailfire view pixel