Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші рет үйленбек болған ер адамды қайын жұрты тойдан қуып жіберді

Опубликовано:

Пәкістанның Карачи қаласында ер адам өз тойына келген қонақтардан таяқ жеп, салтанатты кештен әрең дегенде қашып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24tv.ua-ға сілтеме жасап.

пакистнда
Фото: 24tv.ua: Twitter

Көпшілік күтпеген жағдай Асиф Рафик Сиддикидің бірінші әйелі тойға келгеннен кейін орын алған. Асифтіңң бәйбішесі оның бір емес, екі әйелі барын айтып қойыпты.

Бар шындықты естіген қонақтар күйеу жігітті итеріп, ұрып, тіпті киімі мен шалбарын жыртып тастапты. Асиф өз тойынан әрең қашып құтылып, автобустың астына тығылып қалған.

Айта кетсек, Пәкістанда ер адамдар төрт әйелге дейін ала алады. Алайда отбасына басқа келіншекті кіргізбес бұрын ол бұрынғы әйелдерінің келісімін алуы керек.

Мұндай ережеге бағынғысы келмеген Сиддики жаңа әйелі мен қайын жұртына бұрынғы некелері туралы жақ ашпаған.

Еске сала кетсек, Қазақстан білім беру саласының құрметті қызметкері, білікті ұстаз Аманбек Нарғабылов еліміздегі ер азаматтарды екінші әйел алмауға шақырған еді.

Оның айтуынша, Қазақстандағы жиі айтылатын әңгіменің бірі - екінші әйел алу.

"Елімізде "Екі әйел алып, қазақтың санын көбейтеміз" деген әңгіме кездеседі. Ал қазақта "Екі әйел алыпсың, бітпес дауға қалыпсың", "Екі әйелдің балалары екі рулы елдей" деген қанатты сөздер бар. Екі әйел алмай-ақ, үйленген жастарды қосағыңмен қоса ағар деп, барлық жағынан жұптарының жазылмауына ел болып күш салсақ қазақтың саны көбейер еді", - деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841271-sinsi-ret-jlenbek-bolgan-er-adamdy-kajyn-zrty-tojdan-kuyp-ziberdi/

pixel