RU

Ресейде жаңа миллиардер пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік Николай Сторонскийдің қаржылық-техникалық бастамасы қаржы тартудың жаңа кезеңін сәтті аяқтады. Revolut құрастырушысының жағдайы $1,65 млрд-қа бағаланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейде жаңа долларлық миллиардер пайда болды

Фото: en.m.wikipedia.org/wiki

Бұған дейін компания 2018 жылы бағаланған, ол кезде сандар 1,7 млрд долларды құраған.

10 миллион қолданушысы бар Revolut ұялы қосымшасы үш есеге қымбаттады деп жазады The Telegraph.

Басылым атап өткендей, бастаманың сәтті болғанына қарамастан ол әлі күнге дейін шығын әкелуде. Сарапшылардың пікірінше, өсімді жоғарылатуға бөлінетін қаражат мөлшері көп. Олар төмендетілген жағдайда компания пайда әкелетін еді.

Өткен кезеңнің нәтижелері әлі күнге дейін есептелуде. Ол толығымен аяқталмағанша Revolut өкілдері баспасөзде ешқандай пікір білдірмейді.

Еске сала кетсек, 27 жастағы миллиардер таяуда өзімен бірге Айды бағындыратын аруға іздеу салған еді.

Артынша қатаң іріктеуден өтіп, ауқатты ер адамның сүйіктісі болу үшін 20 мыңнан астам нәзік жанды өтінім тастағаны белгілі болды.

Алайда көп ұзамай миллиардер айға бірге ұшатын аруды іздейтін байқауын тоқтатып тастады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде жаңа миллиардер пайда болды
Mailfire view pixel