RU

Ұлыбритания Путиннің бір жынысты неке туралы сөзіне жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі ресейлік көшбасшының "нөмірі бірінші ата-ана және нөмірі екінші ата-ана" деген сөзіне пікір білдірді. Елдің ресми өкілінің айтуынша, біріккен корольдік бір жынысты некені заңдастырғанын мақтан етеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлыбритания Путиннің "бір жыныстылар" туралы айтиқан сөзіне жауап берді

Фото: NUR.KZ

Ресей Федерациясының Конституциясына түзетулер енгізуді талқылау кезінде Владимир Путин өзі президент болып тұрған кезде кейбір Еуропа елдеріндегідей нөмірі бірінші және нөмірі екінші ата-ана дегенді енгізу мәселесі тіпті қаралмайтынын жеткізген еді.

Ресей басшысының сөзінше, неке тек ер адам мен әйелдің арасындағы одақ болып қала бермек.

Владимир Путиннің сөзіне 2013 жылы бір жынысты некені заңдастырған Ұлыбритания жауап берген. РИА Новости басылымы ведомство өкілінің сөзін жариялады.

"Ұлыбритания бүкіл әлемдегі ЛГБТ адамдарының құқығын қорғауды жалғастырады. Біз халықаралық қауымдастықты ЛГБТ адамдарына қатысты кемсітушілікке қарсы тұруға және әртүрлілік пен төзімділікке шақырамыз. Біз Ұлыбританияда бір жынысты некенің заңды әрі құптарлық екенімен мақтанамыз", - деді СІМ өкілі.

Айта кетсек, бүгінде бір жынысты неке әлемнің 29 елінде заңдастырылған.

Еске сала кетсек, Нидерланды елшілігі Нұр-Сұлтанның қақ ортасын ЛГБТ туын іліп қойғаны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұлыбритания Путиннің бір жынысты неке туралы сөзіне жауап берді
Mailfire view pixel