RU

Қазақстандық студенттерде енді сынақ кітапшасы болмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда білім және ғылым министрлігі студенттерге қатысты жаңа бастаманы жүзеге асырмақ. Оған сәйкес ел студенттерінде енді сынақ кітапшасы болмайды. Бұл бастама арқылы ведомство бюрократияның алдын аламыз деп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомство таратқан хабарламаға сәйкес сынақ кітапшасы енді студенттер, магистранттар мен докторанттар да болмайды екен. Олардың пікірінше бұл жаңашылдық олардың баға қою процесін жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылуға жол ашады екен.

Министрліктің мәліметінше бүгінгі күні елдегі жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйесінде студенттер, магистранттар мен докторанттардың оқу үлгеріміндегі жетістіктерінің тарихы жүргізілетін көрінеді.

Оқу үлгерімінің нәтижелері бойынша олардың тиісті транскрипті есептеледі екен. Траснкриптпен кез келген студент оқу жылының кез келген уақытында арнайы өтінім арқылы таныса алады.

Айта кетерлігі аталған бастама еліміздегі 604 345 студент, 35 690 магистрант және 6 363 докторантқа қатысты болмақ.

Еске саларлығы сынақ кітапшасының бағасы бүгінде 380 теңге көлемінде бағаланып отыр.

Ведомствоның пікірінше аталған бастама еліміздегі білім саласын цифрландыру арқылы онлайн-форматқа өтуге септеседі екен.

Айта кетер жайт, бұған дейін білім және ғылым министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина дайындауға дайын екендіктерін жеткізген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық студенттерде енді сынақ кітапшасы болмайды
Mailfire view pixel