Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аңыз адам": Димаш Еуропадағы алғашқы концертінде жұртты таңдай қақтырды

Опубликовано:

Димаш Құдайберген ірі еуропалық тур барысында алғашқы ән кешін өткізді. Дебютті концерт Краснодар қаласында болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Аңыз адам": Димаш еуропадағы алғашқы концертінде жанкүйерлерін таңдай қақтырды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash: UGC

Әнші өзінің "Arnau" бағдарламасымен Мәскеу, Прага, Рига және Еуропаның өзге де қалаларына келеді.

Dimashnews басылымының мәліметінше, әнші жанкүйерлер назарына жаңартылған бағдарламаны ұсыныпты. Ол бірнеше жаңа нөмірлерімен толыққан.

Еуротур шеңберіндегі алғашқы кеш Баскет-холл залында өтті. Краснодарлық аренаға 7,5 мың адам сыяды.

Билеттер концерттен біраз уақыт бұрын сатылып біткен.

Басылым атап өткендей, қазақстандық әншінің жанкүйерлері Баскет-холл залына концерт басталмас бұрын жиналыпты. Олардың көбі Краснодарға Ресейдің өзге өңірлерінен келіп жеткен.

Жанкүйерлері Димаштың ән кешін өз көзімен көру үшін арнайы ат терлетіп келген.

Жас жұлдыз Instagram парақшасында Краснодарға өз алғысын білдірді.

Өнер иесінің жанкүйерлері жазбаға мыңнан астам пікір қалдырды. Олар керемет шоу үшін Димашқа ақ тілектерін жаудырды.

"Барлығымыз мұны сонша көп күттік", "Димаш, кеш керемет өтті. Бізге махаббатыңды сыйлағаның үшін рақмет", "Сені жақсы көремін. Дюссельдорфте кездескенше", "Испаниядан жалынды сәлем", "Ұлы тұлға", "Керемет адам", "Керемет концерт", - деп жарыса жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, әнші арумен бірге түскен суретін жариялаған Димаш елді қызықтырып қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841285-ayz-adam-dimas-europadagy-algasky-koncertinde-zrtty-tadaj-kaktyrdy/

pixel