Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Карантин" қосымшасын жүктеу керек: Қытайда қазір не болып жатыр

Опубликовано:

"The Люди" Youtube арнасының авторы Антон Лядов Қытайдың коронавирус эпидемиясы уақытында қалай өмір сүріп жатқанын айтып берді. Қазіргі жағдайдың барысын бақылау үшін ол оқиға ошағына аттанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар/ The Люди
Фото: Видеодан кадрлар/ The Люди: Depositphotos

Журналист жергілікті халықтың тіршілігін көрсету үшін Хубэйге ат басын бұрды. Видео Youtube арнада 15 ақпан күні пайда болды.

Лядовтың сөзінше, мұнда саяхат жасаудың басты қиындығы - коронавирус емес, Қытай полициясы. Тәртіп сақшылары вирус ошағына жақын маңда қандай да бір видео түсіргендерді қатаң тексереді.

Қытай өмірі коронавирус келген соң айтарлықтай өзгерген. Осыдан екі ай бұрын адамға лық толы болған Шанхай көшелерінде қазір адам жоқ. Тек коммуналды қызметкерлер мен полицейлерді ғана кездестіруге болады.

Барлығы медициналық маска тағады. Вирус көз шырышынан жұғатын болғандықтан, көпшілігі көзілдірік тағады.

Автордың айтуынша, қытайлық билік мемлекет ішінде халық қозғалысын реттеу және коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауда ұстау үшін қолдан келгенді жасауда.

Әзірленген қызметтер қай үйде залалданған адам тіркелгенін анықтап береді.

Елде бір провинциядан екінші провинцияға бару қиын жән тек пойызбен жүруге болады.

Журналист Хубэй провинциясы маңында тұратын ресейлік жанұямен тілдесіп қайтты. Олар қауіпті дерт туралы Ресейдегі таныстарынан естіпті. Ал Қытайда кесел жайлы аса қатты шу жоқ екен.

Эпидемия қарапайым адамдардың өміріне айтарлықтай әсерін тигізген. Автордың сөзінше, көшеде дене қызуын тексеретіндер пайда болған.

Ең таң қаларлығы, лифтіде адамдар нүктені баспас үшін тіс тазартқыштар қойылған.

Ал подъездерде санитарлық өңдеуден кейін "аурухана иісі" сіңіп қалған.

Хубэйге жақын маңда тұратын ресейлік жанұя дүкеннен сатып алған кез келген затты жуатынын, ал көкөністер мен жемістердің қабығын ашитынын айтады.

Журналистің сөзінше, азық-түлікпен мәселе жоқ. Дүкендерде QR-код арқылы төлеу жүйесі ойластырылған. Соған сәйкес, сатушылар мен сатып алушылар артық ақша мен тиынға қол тигізбейді.

Хубэйге кірер сәтте әр көлік тексерістен өтеді. Одан бөлек, олар "Карантин" қосымшасын орнатуға міндетті. Сол арқылы провинцияға кірген мейманның жүріс-тұрысы бақыланып отырады.

Көп кезек жасамас үшін билік мобильді қосымшаны жүктеуге арналған QR-кодтарды жарық кестелермен көрсететін дрондарды іске қосқан.

Санитарлық өңдеу көшеде үнемі жүргізіледі.

Провинцияда базар жұмыс істеп тұр, сатып алушылар мүлде жоқ. Көптеген жергілікті тұрғын маска тақпай жүр.

Видео авторының сөзінше, желідегі видеолардың көбі шындыққа жанаспайды. Қытай билігі аталған мәселеге қатты назар аударуда.

Айта кетейік, бұдан былай Қытай үкіметі коронавирусты жұқтырғанын жасыру мен халық арасында ауруды тарату фактілерін ауыр қылмыс ретінде қарастырады. Аталған әрекеттер үшін кінәлі деп танылған адам өлім жазасына кесіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1841286-karantin-kosymsasyn-zkteu-kerek-bloger-kytajda-ne-bolyp-zatkanyn-ajtty/

pixel