RU

Бала күтіміне байланысты жәрдемақы үш жылға дейін төлене ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында бала күтімі бойынша жәрдемақыны төлеу мерзімін 3 жылға дейін ұлғайту нұсқасы қарастырылып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

жәрдемақы

Көрнекі фото: pixabay.com

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, республика бойынша жыл сайын 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Ал мемлекет тарапынан ана мен баланы қолдау үшін бірқатар жәрдемақылар бар.

Жұмыс істемейтін аналарға бала туу және 1 жасқа дейінгі баланың күтімі үшін бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы, ал жұмыс істейтін аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

"2019 жылы ана мен баланы қолдауға бюджеттен және МӘСҚ-дан 372,4 млрд теңге бөлінді. 2020 жылға осы мақсаттарға 558,5 миллиард теңге қарастырылған. Бүгін біз бала күтімі бойынша жәрдемақы мәселесін көтеріп жатырмыз. Біз оны төлеу мерзімін 1,5 немесе 3 жылға дейін ұлғайту нұсқаларын қарастырудамыз", – деді Біржан Нұрымбетов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Біржан Нұрымбетов Қазақстанда бала бір жарым немесе үш жасқа толғанға дейін жәрдемақы төлеу ұсынылып жатқанын мәлімдеген болатын. Ол бұл ұсыныс әзірге тек министрлік ішінде қарастырылып жатқанын хабарлаған еді.

Айта кетсек, елімізде қазірга уақытта 387 мың ана бала күтімімен отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы үш жылға дейін төлене ме
Mailfire view pixel