RU

Үш жыл бала көтермеген әйеліне ренжіген азамат өзге қызды жүкті еткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Орда бұзар жастағы отбасылы адам әйелінің үш жыл бойы әдейі бала көтермей жүргенін біліп қойғанын айтты. Сөзінше, келіншек мансап қуып, күйеуінен жасырынып сақтанып келген. Ашуға булыққан ер адам өз қалауын өзге жаннан тапқанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

оқиңад

Көрнекі фото: bestwom.ru

Отбасылы азамат өз басындағы жағдайын Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жазды.

"Отбасылы адаммын, жасым 30-да. Үш жыл бойы әйелім бала көтерген жоқ, жасы 25-те. Кейін оның сақтанып жүргенін білдім. Осының салдарынан бірнеше рет жанжалдастық.
Ол мансабында табысқа жетпей бала сүймейтінін айтты. Мұны естіп, оған деген көңілім суығандай болды. Оның менен жасырынып сақтанғаны мені одан бетер құлазытты", - дейді кейіпкер.

Ер адамның сөзінше, ол әйелімен жанжалдасып жүрген кезде өзге жанға ғашық болып қалған.

Айтуынша, ол тіпті өзінен жүкті болып қалған. Алайда көп ұзамай ер адам заңды жұбайының да аяғы ауыр екенінен хабардар болыпты.

Тығырыққа тірелген кейіпкер енді қалай әрекет етерін білмей, дал болып отыр.

"Бір күні ол киімдерін жинап, ата-анасына кетіп қалды. Ал мен үйдегілеріме бұл туралы тіс жарған жоқпын.

Осы сәтте бір қызды кездестіріп, шын ғашық болып қалдым, тіпті, ажырасуға дайын болдым. Бірақ аяқ асты ата-анам әйелімнің кетіп қалғанын естіген соң әйелім үйге қайтып келді.

Мен оған бір мүмкіндік беріп көруге шешім қабылдадым. Ал сүйіктіме айырылысатынымызды айттым. Десе де бар ойым тек сонда еді.

Біраз уақыт өткеннен кейін ол менен жүкті екенін айтты. Мұны естіп, әйеліммен ажырасу жайлы сөйлесу керек екенін ойладым, бірақ ол да аяғы ауыр екеннін хабарлады.
Менімен қайта қосылғаннан кейін сақтанбағанын айтты. Сүйіктім "отбасыңмен қал, ол заңды әйелің" деп отыр, бірақ мен оны шын жақсы көремін. Әйелімді де мұндай халде тастап кете алар емеспін", - деп ағынан жарылды ол.

Бұған дейін опасыздық жасаған күйеуінен суынған келіншек өзгені сүйіп қалғанын айтқаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үш жыл бала көтермеген әйеліне ренжіген азамат өзге қызды жүкті еткен
Mailfire view pixel