RU

"Жігітіне шабуылдаған": Танымал жүргізуші өз-өзіне қол салып, көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ағылшынның танымал "Махаббат аралы" реалити-шоуының экс-жүргізушісі Кэролайн Флэк 40 жасында өз-өзіне қол жұмсады. Бұған дейін әйелге жігітіне шабуыл жасаған деген айып тағылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.

ж8рг3зу

Фото: instagram.com/carolineflack

Кэролайн Флэктің денесі 15 ақпанда, Лондондағы пәтерінен табылған. Оның отбасының қорғаушысы тележүргізушінің өз-өзіне қол салғанын растады.

Оқиғаның толық мән-жайы айтылмаған. Жүргізушінің өкілдерінің сөзінше, ол өзіне жігіті, модель әрі теннисші Льюис Бертонға шабуыл жасады деп айып тағылған соң үлкен қысымға тап болған.

Флэктің өзі бұл айыптауды жоққа шығарса, Бертон өзін зардап шегуші деп есептемеуін өтінген.

Кэролайн Флэк келесі айда осы іс бойынша сот алдында жауап беруі керек болған.

Ал Льюис Бертон болса сүйіктісі көз жұмған соң Instagram желісінде эмоцияға толы жазба жазып, екеуінің бірге түскен фотосын жүктеп қойған.

"Менің жүрегім жараланды, бізде ерекше бір нәрсе болды. Маған қандай ауыр екенін айтуға сөзім жетпейді, мен сені қатты сағындым. Сенің менің жанымда өзіңді қауіпсіз сезінгеніңді білемін. Мен жаныңда кезде басқа ештеңе ойламайтыныңды үнемі айтатынсың...
Мен сенің дауысың боламын, балақай. Сен қойғың келген сұрақтың бәрін қойып, барлық жауапты аламын деп уәде бердім. Сені ештеңе қайтармайды, бірақ сен күн сайын мақтанатындай істеуге тырысамын. Мен сені шын жүрегіммен жақсы көремін", - деді ол.

Еске сала кетсек, Үндістанда коронавирус жұқтырдым деп ойлаған ер адам өз-өзіне қол салған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жігітіне шабуылдаған": Танымал жүргізуші өз-өзіне қол салып, көз жұмды
Mailfire view pixel