RU

Қазақстандықтарға төменгі пайызбен микрокредит берілетіні рас па

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мемлекеттік бағдарлама аясында елімізде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 4 пайыздан аспайтын микрокредит берілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

"Көпбалалы және табысы аз отбасынан шыққан азаматтарға жеті жылға дейінгі мерзімге жылдық мөлшерлемесі 4 пайыздан аспайтын жеңілдетілген микрокредит беріледі", - деді ол.

Министрдің сөзінше, бұл "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

Одан бөлек, Нұрымбетов жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жаңа тетіктері енгізіліп отырғанын тілге тиек етті.

"Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың, оның ішінде табысы аз және көпбалалы отбасылар арасында дамытудың маңызы зор. 2019 жылы бес өңірде 204 отбасын қамтыған "Менің кәсібім" жобасы басталды. Биыл "Жасыл экономика" коалициясымен бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсету жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Министр облыс әкімдіктерінен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударуды сұрады. Нұрымбетовтың айтуынша, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының еңбек нарығына қосып отырған үлесі зор.

"Егер де бағдарлама болмаса, жұмыссыздық деңгейі қазір 4,8%-ті емес, 7,9%-ті құрайтын еді", - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, жаңа жылдан бастап кімдерге кредит берілмейтіні белгілі болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтарға төменгі пайызбен микрокредит берілетіні рас па
Mailfire view pixel