RU

Қазақстанда жалақы мөлшері қалай өзгереді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасында 2019 жылдың жұмыс қорытындысы мен 2020 жылға арналған міндеттер бойынша cөз алған Біржан Нұрымбетов Қазақстанда жалақы мөлшері қалай өсетінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министрдің сөзінше, халық кірісінің көбеюі - үкіметтің барлық жұмысының басымдылығы.

"2019 жылдың басынан бері ең аз жалақы мөлшері 28 мыңнан 42,5 мың теңгеге 1,5 есе артқан. Бұл 1,3 млн адамға, оның ішінде 275 мың азаматтық қызметкерге қатысты.
Маусымнан бастап бюджеттік саланың жеке жұмысшыларының айлығы маусымнан бастап 30 пайызға көтерілді. 1 млн-нан астам азаматтық жұмысшы жоғары жалақы алды. Жұмысшының орташа жалақы мөлшері 114,5 мың теңгені құрайды", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ол 2020 жылдан бастап президент тапсырмасына сәйкес, мәдениет және мұрағат жұмысшылары мен педагогтардың, әлеуметтік жұмысшылардың жалақысы орташа есеппен 30 пайызға артқанын мәлімдеді.

"Одан бөлек, 2019 жылы 205,6 мың жұмыс беруші 1,2 млн төмен жалақы алатын жұмысшының айлығын орташа есеппен 32,7 пайызға арттыру міндетін алды. Жалақы көтеру мониторингі үнемі жүргізіліп тұрады", -деді Біржан Нұрымбетов.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда жалақы мөлшері қалай өзгереді
Mailfire view pixel