RU

Мерзімінен бұрын қартайған сегіз жасар қыз қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Украинаның Волынск облысында прогерия, яғни, ағзаның қартаюына әкеп соғатын генетикалық аурумен ауыратын сегіз жасар Анна Сакидон қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Сегіз жасар қыз мерзімінен бұрын қартайып, көз жұмды

Фото: "Волынь24"

Белгілі болғандай, қыз 9 ақпан күні көз жұмды.

Аурухананың анестезиология бөлімі меңгерушісінің орынбасары Надежда Катаман Сакидонның мекемеде бала күнінен емделгенін айтты.

"Прогерия диагнозы қойылған балалар үшін 1 жыл 8-10 жылға тең, сол себепті қыздың жасы шамамен 70-80 жас болды деп есептеледі.
Аннаның салмағы небәрі 8 келіні құрағанына қарамастан оның ағзасы мерзімінен бұрын қартайған", - деп мәлімдеді дәрігер.

Оның сөзінше, мұндай диагнозбен ауыратын балалардың қаңқасы өспейді, алайда ішкі ағзалары мен бас миы үлкейеді екен.

"Прогериямен ауыратындар инсульттан жиі көз жұмады. Аннада бірнеше рет инсульт болған, оған қоса ол аяқтарын сезбей қалатын", - деді Катаман.

Сакидон Волынск облысындағы Качин ауылында дүниеге келді. Ал оның балалар прогериясына шалдыққаны туралы 2018 жылдың мамырында белгілі болды.

Ол кезде қыздың жасы 6-да болған және салмағы небәрі 5 келіні құраған, ал бойы 56 сантиметр еді.

Әлемде прогериямен ауыратын 350 адам тіркелді. Алғаш рет бұл ауру туралы 1886 жылы белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мерзімінен бұрын қартайған сегіз жасар қыз қайтыс болды
Mailfire view pixel