Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алақан жаймаймын": Нұр-Cұлтанда күйеуі тастап кеткен 7 баланың анасы таксист болып жүр

Опубликовано:

Елордалық Айзат Асылбекқызы көлікті жалға алып, жеті баласын асырап жүр. Отағасымен дәм-тұзы жараспаған ол балаларын асырап, жан бағу үшін осылай еңбектенуге тура келгенін айтады. Көпбалалы ананың тапқан нәпақасы күнделікті тамақтары мен жүріп-тұрғандарына жетеді екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан телеарнасының Aqparat бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: Instagram

Айзаттың айтуынша, оның такси жүргізушісі болып қызмет еткеніне жарты жыл уақыт болған. Ол осы салаға бет бұрғанына еш өкінбейді.

"Күнделікті нан-сүт, май, памперске жетеді. Шүкір, қанағат. Ешкімге алақан жаймаймын. Керек болса осымен жүгіріп жүріп, тірлігімді де бітіремін", - дейді көпбалалы ана.

Жалғызбасты әйел балаларының әкесімен дәм-тұзы жараспаған соң ажырасып кетіпті. Ол бұрынғы күйеуінің алимент төлемейтінін де атап өтті.

Балаларын асырамақ болған Айзат аспаз, көлік жуушы болып та қызмет еткен. Жалғызбасты ана елордадағы саяжалайдардың бірін 40 мың теңгеге жалдап тұрады.

"Балалардың үлкені 17 жаста, кішісі 3-те, қалғаны мектеп оқушылары. Төрт бала үшін 42 мың теңге аламын. АӘК-ке құжат тапсырайын деп едім, бір келісім құжаты үшін 26 мың теңге ақша керек болды.
Оны таппадым, сөйтіп рәсімдей алмадым. Бар байлығым балаларым, біз көрмеген жақсылықты осылар көрсе екен деймін", - дейді жеті баланың анасы.

Айта кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ведомствода бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыны бір жастан үш жасқа дейін ұзартуды қарастырып жатқандығын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841326-alakan-zajmajmyn-nr-cltanda-kjeui-tastap-ketken-7-balany-anasy-taksist-bolyp-zr/

pixel