RU

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі қызметінен кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан үкіметінің қаулысымен Ерлан Жұматұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

ерлан

Ерлан Жылқыбаев. Фото: primeminister.kz

Жылқыбаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР президенті Мемлекеттік басқару академиясын, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика департаментінің әлеуметтік саясат бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 

Түрлі жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппаратында, ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2016 жылдың мамыр айынан бастап 2019 жылдың наурыз айы аралығында Алматы қаласының Медеу ауданының әкімі лауазымында болды. 

2019 жылғы 26 наурыздан бастап 29 сәуірге дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2019 жылғы сәуірден қазіргі таңға дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

Еске сала кетсек, бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны үш жасқа дейін төлеу қарастырылып жатқанын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі қызметінен кетті
Mailfire view pixel