Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Браконьерлер қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевтің жанұясы 29 млн теңге талап етті

Опубликовано:

Өткен жылы қызметі барысында қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің жанұясы қорықшыны өлтірді деп күдіктелген азаматтардан 29 млн теңге талап етті. Отбасының ресми өкілі Ғалымжан Тәуекелов сотта осындай азаматтық арыз тастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ашық дереккөз, NUR.KZ
Фото: Ашық дереккөз, NUR.KZ: Original

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қорықшыларға шабуыл жасаған браконьерлердің ісі бойынша сот талқылауы басталды.

Өткен жылдың қаңтар айында орын алған оқиға салдарынан инспектор Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницык зардап шеккен еді. Өкінішке қарай, Ерлан Нұрғалиев алған жарақаттарынан көз жұмған болатын.

Сот жарыссөзінің алдында қайтыс болған қорықшының досы Ғалымжан Тәуекелов үш өтініш тастап, азаматтық арызды оқыды.

"Сотталушылар мен жауапкерлерден 9 миллион теңге өндіріп алуды сұраймын. Мұндай сома еске алу түскі асына, қырқына, жылдық асына және мазар тұрғызуға жұмсалды. Бізде шығын туралы барлық растайтын құжаттар бар", - деді ол.

Ал моральдық шығын ретінде марқұм қорықшының жақындары 20 млн теңге сұрайды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тәуекелов өз өтінішінде соттан браконьерлікпен айналысқан сотталушыларды айыптауға қатысты қылмыстық істі қайта қарауды өтінді.

"Біз қылмыстық істі полиция қызметкерлері тоқтатқанымен келіспейміз. Бұл тұлғалар жасалған қылмыс туралы біле тұра, өзінің сыбайластарын жауып, полицияға болған оқиға туралы хабарламады деп есептейміз. Демек, оларды жасырған. Сондай-ақ, біз олардың жалған айғақтар бергені үшін жазалануын сұраймыз. Олар әуел бастан жаңылыстыруға алып келетін айғақтар ұсынды", - деп толықтырды Ғалымжан Тәуекелов.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Өз кезегінде сотталушылар моральдық шығын мөлшері анық көбейтілгенін айтып отыр. Судья Қайрат Қасымов өтініштер мен арызды іс материалдарына қосып, үкім шығарар сәтте шешімді жариялайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданында браконьерлер шабуылынан инспектор Ерлан Нұрғалиев қайтыс болды. Оның өмірі үшін дәрігерлер бір тәуліктен астам уақыт күрескенімен, инспекторды аман алып қалу мүмкін болмады.

Кейін шабуылдан аман қалған екінші инспектор Петр Ницык оқиғаның мән-жайын баяндаған болатын.

Марқұм болған инспектордың өліміне күдікті деп танылған азаматтарға іздеу жарияланып, күдікті ретінде үш ер адам ұсталды.

Ал Астанаға жиналған марқұмның туыстары екінші көлікте болған төрт адамның іске куәгер ретінде тартылып жатқанын айтып, жанайқайын жеткізген болатын.

Сондай-ақ, күдікке ілінгендердің бірінің әкесі Ерлан Нұрғалиевтің отбасы мен туыстарынан және халықтан ұлы үшін кешірім де сұраған еді.

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Охотзоопром" инспекторлары Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиев мемлекеттік наградамен марапатталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1841341-brakonerler-kolynan-kaza-tapkan-erlan-nrgalievti-zanasy-29-mln-tege-talap-etti/

pixel