RU

Алаңға жүгіріп шыққан итті "Қайрат" ойыншысы стадионнан көтеріп шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркиядағы алматылық "Қайрат" пен украиналық "Днепр-1" арасындағы жолдастық кездесуде қызық жағдай орын алды. Матч барысында алаңға ит жүгіріп шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru-қа сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Үй жануары алаңға ойынның 72 минутында жүгіріп шыққан. Иттің футболшылардың матчты жалғастыруына қиындық тудырғанын видеодан көруге болады.

Сондай-ақ, "Қайраттың" 19 жастағы қақпашысы Данил Устименконың иттен қорқып, қашқаны да кадрдан көрінеді.

Стадионда бір жарым минуттай арлы-бері жүрген төбетті алматылық клбутың қорғаушысы Сергей Кейлер техникалық аймаққа дейін көтеріп алып барып, бапкерлік штабқа табыстаған.

Ал 90 минутқа созылған "Қайрат" пен "Днепр-1" арасындағы жолдастық кездесу 4:2 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына шешілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қайрат" басшылығының "Хайдук" клубында өнер көрсететін 27 жастағы бразилиялық шабуылшы Жайро да Сильва үшін 2,5 миллион еуро ұсынғанын жазған едік.

Егер екі тарап келісімге келсе, онда бұл трансфер"Қайрат" клубы тарихындағы ең қымбаты болмақ.

Сонымен қатар осы клубтың жұлдызды ойыншысы болған Бауыржан Исламхан таяуда "Аль-Айн" клубына ауысқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алаңға жүгіріп шыққан итті "Қайрат" ойыншысы стадионнан көтеріп шығарды
Mailfire view pixel