Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус ошағына айналған Хубэйде адамдарға үйінен шығуға тыйым салынды

Опубликовано:

Қытайда коронавирус ошағына айналған Хубэй аймағының билігі жаяу жүргіншілер мен транспорттың барлық түріне қозғалуға тыйым салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус ошағына айналған Хубэйде адамдардың үйден шығуына тыйым салынды
Көрнекі фото: Bloomberg/Getty images: Facebook

Аталған қаулыға сәйкес, аймақ тұрғындары ешқайда шықпай, үйлерінде отырулары керек деп жазады South China Morning Post.

Тек медициналық қызметкерлер мен өңірдің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлеріне қозғалуға рұқсат етілген. Алайда олар үшін де арнайы шектеулер бар.

Мысалы, билік қозғалуына тыйым салмаған адамдарға арнайы маршруттар дайындаған. Бұл транспорттық көліктерден бас тартуға болмайды.

Одан бөлек Хубэй жолдарында тек арнайы рұқсаты бар көліктер ғана жүре алады. Мұндай рұқсат қағаздары шұғыл қызмет көліктеріне берілген.

Айта кетсек, бұл ережелерді бұзғандар жауапкершілікке тартылады. Қаулыны бұзушылар 10 тәулікке қамалады, одан бөлек оларға айыппұл салынады. Ал ереже бұзған көлік жүргізушілері жүргізуші куәліктерінен айырылады.

Басылымның есебінше, енді ондаған миллион адам өз үйлерінде қамауда отыратын болады.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, қауіпті коронавирустан қайтыс болғандар саны 1700-ге жеткен. Соңғы тәулікте вирустың салдарынан тағы 100 адам көз жұмды. Тек Хубэйдің өзінде ауру жұқтырғандар саны 58 мыңнан асқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841346-koronavirus-osagyna-ajnalgan-hubejde-adamdarga-jinen-syguga-tyjym-salyndy/

pixel