RU

Ойында алмастырғанына ашуланған футболшы бапкерінен таяқ жеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Италиялық серия D аясындағы "Гросетто" мен "Монтеросси" арасындағы кездесуде келеңсіз жағдай орын алды. Бас бапкер алмастырғанына көңілі толмаған футболшысына бір соққы дарытып, алаңнан қуылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: iltirreno.gelocal.it

Фото: iltirreno.gelocal.it

Матчтың 75 минутында "Гросетто" клубының бас бапкері Ламберто Магрини жартылай қорғаушы Риккардо Кретелланы Маттиа Раванеллиге алмастырған.

Осыдан кейін Кретелла жаттықтырушының шешіміне көңілі толмағанын анық білдірсе керек. Ал "шәкіртінен" бұндайды күтпеген "Гросетто" клубының бас бапкері футболшыға бір соққы дарытқан.

Ойынның бас төрешісі көмекшісімен ақылдасып, жаттықтырушыны алаңнан қуу туралы шешімге келген.

Тартысты өткен матч "Гросеттоны" пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз голы 49 минутта Филиппо Боккарди салған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркиядағы алматылық "Қайрат" пен украиналық "Днепр-1" арасындағы жолдастық кездесуде қызық жағдай орын алғанын жазған едік.

Белгілі болғандай ойынның 72 минутында алаңға ит жүгіріп шығып, бір жарым минуттай жүрген. Ал үй жануарын алматылық клубтың қорғаушысы Сергей Кейлер техникалық аймаққа дейінкөтеріп алып барып, бапкерлік штабқа табыстаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ойында алмастырғанына ашуланған футболшы бапкерінен таяқ жеді
Mailfire view pixel