RU

Алматыда жолда кетіп бара жатқан көлік үстіне ағаш бөлігі құлап түсті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 17 ақпан күні Алматыда жолда кетіп бара жатқан автокөліктің үстіне ағаш бөлігі құлап кетті. Темір тұлпар ішінен түсірілген видео желіде пайда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Соңғы уақытта Алматыдағы ауа райы құбылмалы болып тұр. Қыстың үшінші айында жауған қалың қар қала тұрғындарын әбігерге түсіріп жатыр. Көше бойында көлік кептелісі де жоқ емес.

Бүгін желіде жолда кетіп бара жатқан автокөліктің үстіне ағаш бөлігі құлап кеткен видео пайда болды. Темір тұлпар ішінде түсірілген бейнероликтен қарға оранған бұтақтың көлік айнасына түскенін аңғаруға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті ауа райы қолайсыздығына байланысты оңтүстік астана тұрғындарына үндеу жолдаған еді.

Алматылықтарға ылғалды қардың салдарынан ағаш бұталарының құлап жатқаны ескертілді. Бүгінде құлаған бұтаның астында қалған ер азамат туралы белгілі болды.

Каменка шағын ауданында ағаштың бұтасы ылғалды қарды көтере алмай, 26 жастағы жігіттің басына құлаған. Жас жігіт ауруханаға жеткізілген, дегенемен мединалық көмек көрсетілгеннен кейін жәбірленуші үйіне қайтарылған.

Департаменттегілер алматылықтардан көліктерді ағаштың астына қоймауын, сондай-ақ ескі бұтақтардан айналып өтулерін ескертіп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жолда кетіп бара жатқан көлік үстіне ағаш бөлігі құлап түсті (видео)
Mailfire view pixel