RU

"Түркімен халқына құрметім": Адамбай не үшін шашының ағарып кеткенін түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал фильмдердің режиссері әрі актері Нұртас Адамбай шашының тез арада ағарып кету себебін әзіл арқылы түсіндіріп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы. 

Фото: Instagram/nurtasadambay

Фото: Instagram/nurtasadambay

Бұл туралы бұрынғы әзілкеш Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Менің ақ тартқан самайым туралы айтатын болсам: Иә, шашым ағарған.
Өмірде бұндай жағдай болатына сеніңіз. Осы үшін көп уайымдаудың ешқандай қажеті жоқ. Мен шашы ағарған жалғыз адам емеспін.
"Ағасы, сенің шашың ағарып кетіпті" деп жекеге, Whatsap-қа немесе желі парақшамдағы пікір алаңына жазбай-ақ қойыңыздар. Мүмкін бұған сіз қатты таңғалған шығарсыз. Мен де самайымның ағарғанын байқадым.
Ал не себепті шашымның тез арада ағарғанын айтайын. Бұған дейін мен шашымды бояп жүрдім. Кейін Түркіменстан президенті ерлердің шашын бояуға тыйым салған соң, мен де түркімен халқына құрметімді көрсетіп шашымды боямайтын болдым.
Білесіздер ме? Ішкі жан дүниемде ешнәрсе өзгерген жоқ. Мен бұрынғыдай мейірімді, жақсы адаммын. Тек шаштың түсі ғана өзгерді. Мен үшін уайымдамаңыздар. Мен сол бұрынғы Нұртаспын", - деді белгілі режиссер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркіменстанда 40 жастан асқан ер адамдарға шашын қара түске бояуға тыйым салынғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Түркімен халқына құрметім": Адамбай не үшін шашының ағарып кеткенін түсіндірді
Mailfire view pixel