RU

Генерал-майор Нұржан Мұқанов қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

16 ақпан күні генерал-майор Нұржан Мұқанов өмірден өтті. Бұл жайында еліміздің қорғаныс министрлігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұржан Мұқанов. Фото: instagram.com/modgovkz

Нұржан Мұқанов. Фото: instagram.com/modgovkz

Қорғаныс министрлігі офицердің мезгілсіз қайтыс болуына не себеп болғанын мәлімдеген жоқ.

Ол бір күн бұрын, 15 ақпанда туған күнін тойлаған еді. Марқұм 52 жасқа толған болатын.

Нұржан Нұрланұлы 2016 жылдан бастап бас штаб басшысы- Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Бұл тағайындауға дейін Нұржан Мұқанов бес жылға жуық уақыт Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскеріне қолбасшылық еткен.

Ал генерал-майор жоғары лауазымын алты жыл бұрын, 2014 жылы алған.

Қазақстан қорғаныс министрлігі қайтыс болған офицердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Ведомствода әскери қызметте Нұржан Нұрланұлы өзін нағыз кәсіби маман ретінде көрсеткенін мәлімдеді. Офицер өзінің табандылығымен, адамгершілігімен және әділдігімен әріптестерінің арасында құрметке ие болды.

Бас әскери ведомствода генерал-майор Нұржан Мұқановтың есімі Қазақстан әскерінің тарихында алтын әріппен жазылатынын да мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Генерал-майор Нұржан Мұқанов қайтыс болды
Mailfire view pixel