RU

"Ливерпуль" клубының бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа ауысты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Гвинеи-Бисау құрамасының жартылай қорғаушысы және англиялық "Ливерпульдің" бұрынғы ойыншысы Тони Силва "Тараз" командасының қатарын толықтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: fctaraz.kz

Фото: fctaraz.kz

26 жастағы Силва бала кезден Португалияда өмір сүрген. Ол "Бенфиканың" жастар құрамасында доп теуіп, 2009 жылы Англияға қоныс аударады. Тұманды альбион елінде футболшы "Челси" мен "Луверпульдің" екінші командасында өнер көрсетті.

Кәсіби мансабында Силва Англия чемпионатында бір маусым ойнауға мүмкіндік алған. Ол "Ливерпульдің" негізгі құрамына қабылданып, 2010/11 және 2011/12 клуб тізімінде болды.

Негізгі құрамға ілінбеген жартылай қорғаушыны кейінірек англиялық ұжымның басшылығы "Норхэмптонға" жалға берді.

Тони Силва 2012 жылы "Ливерпуль" сапынан түбегейлі кету туралы шешімге келіп, Барнсли" және "Дагенхэм" командаларында доп тепті.

2013 жылы футболшы Англиядан кетіп, болгариялық атақты "София", түркиялық "Шанлыурфаспор", португалиялық "Униан Мадейра", грекиялық "Левадиакос", оңтүстік африкалық "Мамелоди Сандаунз", мысырлық "Аль-Иттихад" және румыниялық "Астра" ұжымдарында өнер көрсетті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" клубына не үшін ауысқанын түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ливерпуль" клубының бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа ауысты (фото)
Mailfire view pixel