RU

Уханьнан эвакуацияланған студент: Бір тілім нан үшін төбелескен ешкім жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Уханьнан эвакуацияланған соң екі апта бойы карантинде жатып шыққан қазақстандық студент Гүлбақыт Болатбекқызы өз әсерімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Бізге Ухань қаласымен жол қатынасы жабылғаны туралы ақпарат келді. Төтенше жағдай жарияланды. Азық-түліктерді Жаңа жыл қарсаңында алдын ала сатып алғанбыз, сондықтан да нұсқауды орындап, үйде отырдық. Бірдеңе сатып алуға жоспармен және кесте бойынша шығып тұрдық.
Қалада ешқандай дүрбелең туындамады. Кімнің хайп жасап, үрей туғызғанын білмейміз. Бір тілім нан үшін төбелескен ешкім жоқ", – дейді орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барсында Гүлбақыт Болатбекқызы.

Ол сондай-ақ Қазақстан және Қытай білім министрліктері арасында жастардың әрі қарай оқуын жалғастыру мүмкіндігі талқыланып жатқанын атап өтті. Алайда, бұл мәселе бойынша шешімді әр студент жеке өзі қабылдайтынын, өз басы Қытайға оралуды көздейтінін жеткізді.

"Қаланың оқшауланғаны туралы жарияланғанда біз хабарлама алдық. Ешкіммен байланысқа түспеу үшін маска мен көзілдірік киіп жүрдік. 22 қаңтардан 2 ақпанға дейін Қытайда, кейін 14 күн осында, Қазақстанда карантинде болдық.
Карантин көпсалалы ауруханада өтті, анализдер алынды, қан тапсырдық. Нәтижелері өздеріңіз білетіндей, ауру анықталмады. Сонымен 24 күн карантинде болдық. Шын мәніде, шипажайдағы демалыс секілді болды, күніне 4 рет тамақтандырды. Ауруханада жасалған жағдайға келсек, шаралардың барлығы үйлестірілген, ұйымдастырылған түрде болды. Сол үшін көпсалалы ауруханаға алғыс айтамыз", – деді студент.

Еске сала кетейік, кеше биылғы 2 ақпанда Қытайдың Ухань қаласынан эвакуацияланған 83 қазақстандық (оның 80-і студент) пен шетелдік азамат үшін карантин аяқталғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Уханьнан эвакуацияланған студент: Бір тілім нан үшін төбелескен ешкім жоқ
Mailfire view pixel