RU

Бұрынғы әйелінің назарын аударғасы келген ер адам көп қабатты үйдің төбесіне шығып алды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында 60 жастағы тұрғын полицейлерге хабарласып, көп қабатты үйдің төбесіне ер адамның секіремін деп қорқытып жатқанын мәлім еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Кадр видеодан

Кадр видеодан

Полицияның кезекші бөліміне хабарлама 16 желтоқсан күні 18. 20 келіп түскен. Оқиға Ақтау елді мекенінде болған.

Куәгердің айтуынша, ер адам Юля есімді тұрғынды шақырумен болған.

Жергілікті тұрғындар азаматты төбеден түсуге қанша көндірсе де, оларынан түк шықпаған.

Амалы таусылған тұрғындар оқиға орнына полицейлерді шақыруға мәжбүр болған. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары бірден төбе үстіне шыққан.

Осылайша олардың бірі төбеде тұрған азаматты күртешесінен ұстап, оны қауіпсіз жерге шығарған.

Ер азамат полицейлерге еш қарсылық көрсетпеген. Кейін белгілі болғандай көп қабатты үйдің төбесіне шыққан 26 жастағы тұрғын өмірмен қош айтысу туралы ойы болмағанын айтқан.

Ол мұндай әрекетімен бұрынғы әйелінің назарын өзіне аудармақ болыпты.

Айта кетейік бұған дейін Павлодарда бесінші қабаттан секірмек болған ер адамды тәртіп сақшылары құтқарыып қалғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бұрынғы әйелінің назарын аударғасы келген ер адам көп қабатты үйдің төбесіне шығып алды (видео)
Mailfire view pixel