RU

Атырау облысында құбыр арқылы қатынауға мәжбүр тұрғындар жанайқайын айтты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентіне қарасты екі мыңнан астам халқы бар "Ынтымақ" пен "Бірлік" елді мекендерінің тұрғындары емхана, балабақша, мектепке немесе басқа да мекемелерге бару үшін темір жол астынан салынған құбырдан өтуге мәжбүр. Олар бұл мәселенің бірнеше жылдан бері шешімін таппай жатқанын айытып, шағымдануда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ақ Жайық" басылымына сілтме жасап.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Басылымның мәліметінше, құбыр арқылы күніне жүздеген адам өтеді. Құбырдың айналасы ми батпақ, оның келесі бетіне өту оңай емес. Қараңғы үңгір секілді, тар, әрі қолайсыз. Ал бойшаң адамдарға тіптен қиын.

Ұзын құбырдан өту әсіресе қарттар үшін қиындық тудырады.

"Менің жасым 80-де, бұрыннан "Бірлікте" тұрып келемін. Орталыққа тіке шығу үшін осы жерден өтеміз. Таңертең ерте, кеште құбыр іші қараңғы. Ондайда ұялы телефон жарығын пайдаланамыз", – дейді ауыл қарты Тұрғали Дүйсенбеков.

Тұрғындардың бұл мәселенің шешімін таппай жүргендеріне біраз жыл болған көрінеді.

"Мектеп оқушылары да осы су құбыры арқылы өтіп жүр. Қар ерігенде бұл жерден де өте алмай қаламыз, себебі құбыр суға толады.
Балалар сабақтан келгенше үнемі қорқынышта отырамыз. Жаяу жүргіншілерге жол салу жөнінде бірнеше жылдан айтып келеміз, бірақ шығып жатқан нәтиже жоқ", – дейді Қайрат Қасенеев.

Ал аудан әкімі бұл жерге аспалы көпір салу жоспарланғанын жеткізді.

"Теміржол тұсынан жаяу жүргіншілерге арнап өткел салу мәселесі талқыланып жатыр. Алдымен тұрғындармен кездесіп, темір жолдың үстімен немесе астымен өту тиімді екенін ақылдасамыз.
Жан-жақты зерделеніп болғаннан кейін бір шешімге келеміз. Негізінде 2017 жылы ауданның бас жоспарында аспалы көпір салу жоспарланған екен. Жобалық-сметалық құжаттарын жасауды қолға алуымыз керек", – дейді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Тілек Нұрпейісов.

Еске сала кетейік, жақында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев халық алдында есеп беру кезінде биыл өңірдегі 24 ауылға таза су жеткізілетінін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырау облысында құбыр арқылы қатынауға мәжбүр тұрғындар жанайқайын айтты (видео)
Mailfire view pixel