RU

Алматы облысында інісінің "зорлағанын" айтып, арызданған әйелдің басы бәлеге қалды

Алматы облысының тұрғыны полицияға туған інісінің өзін зорлауға әрекеттенгенін айтып, арызданған. Алайда, келіншектің қитұрқы әрекеті әшкере болды. Полцейлер оның жалған шағым түсіргенін анықтаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: polisia.kz
Көрнекі фото: polisia.kz: Depositphotos

48 жастағы әйел адам туған інісінің өзін зорлауға әрекеттенгенін айтып, полицияға арызданған.

Азаматшаның арызы бойынша, ер адамға іздеу салынды. Үйінен 120 шақырым қашықтықта шабан болып жұмыс істеген ол бұл жайында хабарсыз болған.

Тәртіп сақшылары ер адамды ұстаған кезде, ол әпкесінің арызы бойынша іздеуде жүргеніне қатты таңғалған екен. Дегенмен тергеу барысында ол өзінің кінәсіз екенін сенімді түрде дәлелдеп шыққан.

Яғни қылмыстық істі тергеу барысында азаматшаның 41 жастағы інісімен жанжалдасып қалғаны, одан кек алу мақсатында жалған арыз түсіргені анықталды.

Ал әпкесі жалған арыз түсіргенін мойындап, одан ешқайда кетпеу туралы тілхат алынған.

Енді сот әйел адамға қатысты жазаға тарту шарасын бекітетін болады. Аталған қылмыс үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, тіпті, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында үйінен ақша ұрланды деп жалған арыз берген әйел адамның басы дауға қалғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841410-almaty-oblysynda-inisini-zorlaganyn-ajtyp-aryzdangan-jeldi-basy-blege-kaldy.html