RU

"Дұрыс диалог жүргізу қажет": Назарбаев вице-премьер Тоғжановты қабылдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының сайтына сілтеме жасап.

рррррр

Фото: Елбасының баспасөз қызметі

Кездесу барысында Елбасы жаңа премьер-Министр орынбасарының алдында денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту салаларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруда маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

"Өткен жылдан бері әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет.

Тұрғындармен кездесу керек. Қабылданған шараларды түсіндіру маңызды.

Сізде жеткілікті тәжірибе бар. Еліміздің екі өңірінде, Қазақстан халқы Ассамблеясында қызмет еттіңіз. Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясында жұмыс істедіңіз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Дұрыс диалог жүргізу қажет": Назарбаев вице-премьер Тоғжановты қабылдады
Mailfire view pixel