RU

Бұрынғы вице-министр Сапарбаевтың орынбасары болып тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Президенті әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Ержан Жылқыбаев тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

жылқыбаев

Ержан Жылқыбаев. Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Жылқыбаев Ержан Жұматұлы 1982 жылы туған.

2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша, 2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономика департаментінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік активтер басқармасының саясат департаментінің бөлім бастығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары, ШҚО Семей қаласы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (Жамбыл облысына жетекшілік етті), Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауызымдарында болған.

2019 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарып келді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 2020 жылдың 17 ақпанында Жылқыбаевтың вице-министр қызметінен босатылғаны туралы хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бұрынғы вице-министр Сапарбаевтың орынбасары болып тағайындалды
Mailfire view pixel