Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уханьдағы аурухананың басшысы коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

Уханьдағы уақытша медициналық мекемелердің бірінің басшысы әлемді дүрліктірген коронавирус дертінен қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

COVID19 жаңа атауына ие болған вирустан "Учан" ауруханасы директоры 17 ақпанда күні көз жұмған жазады шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған РИА Новости.

Айта кетейік, ер адам коронавирустан қайтыс болған алғашқы аурухана басшысы.

Соңғы мәліметтер бойынша, жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 1873 адамға жетіп, вирусты жұқтырғандар саны 73 мыңға өскен.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда коронавирус ошағына айналған Хубэй аймағының билігі жаяу жүргіншілер мен транспорттың барлық түріне қозғалуға тыйым салғаны белгілі болды.

Қозғалуға тек медициналық қызметкерлер мен өңірдің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлеріне рұқсат етілген. Алайда олар үшін де арнайы шектеулер бар.

Бұл ережелерді бұзғандар жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамалады, одан бөлек айыппұл салынады.

Алдын-ала мәлімет бойынша, енді ондаған миллион адам өз үйлерінде отыратын болады.

Одан бөлек, Қытай үкіметі коронавирусты жұқтырғанын жасыру мен халық арасында ауруды тарату фактілерін ауыр қылмыс ретінде қарастырып отыр. Аталған әрекеттер үшін кінәлі деп танылған адам өлім жазасына кесіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841449-uhandagy-auruhanany-bassysy-koronavirustan-kajtys-boldy/

pixel