Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"14 жас кіші": Әнші Кентал болашақ жары туралы айтып берді

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Кентал биыл бойдақ өмірімен қош айтыспақ. Тойдың қамына кірісіп кеткен өнер иесі болашақ жары туралы тың мәліметтермен бөлісті. Шоу-бизнес жұлдызының таңдауы Милана есімді аруға түскен. Белгілі болғандай, бойжеткен әртістен он төрт жас кіші деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" сайтына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Отандық эстрада бойдақтарының тізімінде көш бастап келген Кентал жүрегін жаулай алған арудың кім екенін айтып берді. Бойжеткеннің ұлты түрік болып шықты. Бүгінде ол ЖОО-ның екінші курс студенті екен.

"Ол - жақсы адам. Әкесі де оның жақсы адам. Көршінің қызы. Менің жүрегіме жақын адам .Сондықтан осы жылы үйленетін боламын. Осындай жоспарым бар. Қанша жыл қатарынан айтып келемін. Бірақ, осы жылы нақты шешімге келдім. Ол өнерге қатысты емес. Бірақ, ол хореограф. Менен он төрт жас кіші. Алайда, махаббат жасқа қарамайды" , - деді ол.

Эстрада жұлдызы болашақ жарымен қалай танысқаны жайлы да сыр шертті.

"Досымның үйлену тойында таныстық. Досымның әйелінің құрбысы. Өзім байқаған қасиеті ол - өте адал" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Кенталдың сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841456-14-zas-kisi-nsi-kental-bolasak-zary-turaly-ajtyp-berdi/

pixel