RU

Питер Гриффитс Bek Air-ге қатысты: Маған салса, сертификатты бермей қоятын едім

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air әуе компаниясы алдағы уақытта жұмысын жалғастыруы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадр/Астана телеарнасы және Instagram/bek_air_official

Фото: Видеодан кадр/Астана телеарнасы және Instagram/bek_air_official

Ведомство ақпан айының соңына дейін алдын-ала жүргізілген тексеріс нәтижелерін компанияға жолдамақ.

Оған сәйкес, Bek Air басшылығы алты ай ішінде көрсетілген қателіктерді жоюы қажет.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс барлық талаптар орындалған жағдайда, әуе компаниясының нарыққа қайта орала алатынын айтады.

"Мұндай борттар тек артта қалған мемлекеттерде қолданылады. Маған салса, сертификатты бермей қоятын едім. Бірақ заң шеңберінде жұмыс істеуге мәжбүрміз", - дейді ол.

Авиация әкімшілігінің басшысының сөзінше, Алматыдағы әуе апаты салдарынан елдегі авиация саласына қауіп төніп тұр.

Питер Гриффитс Қазақстан Еуро Одақтың қара тізіміне енуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Авиация әкімшілігінің дерегінше, БекЭйр 2016 жылғы тексеріс кезінде халықаралық Одақ анықтаған олқылықтарды әлі күнге жоймаған.

Автор: Ғ.Өтемісов

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза болды.

17 ақпанда жұмыссыз отырған Bek Air қызметкерлері мемлекет басшысына үндеу жолдаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Питер Гриффитс Bek Air-ге қатысты: Маған салса, сертификатты бермей қоятын едім
Mailfire view pixel