Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иракта соңғы 12 жылда алғаш рет қар жауды (видео)

Опубликовано:

Ирак астанасы Бағдат және Мосул қаласында қар жауды. Бұндай құбылыс елде соңғы 12 жылда алғаш рет тіркеліп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: twitter.com/ulricshannon
Фото: twitter.com/ulricshannon: Twitter

Мосул қаласындағы Тигр өзенінде жартылай мұз қатқан, ал елдің астанасында ауа температурасы +3 градусқа дейін төмендеген.

Жергілікті тұрғындар ерекше құбылысты фотоға және видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісуде.

Осындай бейнероликтердің бірі Twitter желісінде пайда болды. Видеода балалар ауа райы болжамын жүргізіп тұрған жергілікті телеарна қызметкерін эфир кезінде қармен атқылаған.

Жүргізуші елдің шығысындағы Сулеймания қаласы маңында ерекше құбылысқа байланысты сюжет жасап жатқан көрінеді. Балалардың қарға шомылдырғанына қарамастан, журналист төзімділік танытып, репортажын аяқтаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясының солтүстік-батысындағы таулы аймағында жаңа жылда бірінші рет қар жауғанын хабарлағанбыз.

Жергілікті және шетелдік туристер қар ерімей тұрғанда, шанамен сырғанап, демалу үшін теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте орналасқан Джабаль-эль-Лауз баурайына жиналды.

Сондай-ақ өткен жылы 10-11 тамызда Австралияның оңтүстік-шығысына 35 жылдан бері бірінші рет қар жауған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841469-irakta-sogy-12-zylda-algas-ret-kar-zaudy-video/

pixel