Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім тоқтап қала жаздады": Түркістандық азамат үш баланы өртке оранған үйден алып шықты

Опубликовано:

Түркістан қаласында өртке оранған үйден үш баланы алып шыққан Ғазиз Нысанбаевтың әрекеті не жұрт ризашылығын білдірді. Басын қатерге тіккен ер азамат сол күнгі оқиғаны суреттеп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Түркістан қаласының әкімдігі
Фото: Түркістан қаласының әкімдігі: Instagram

Оқиға Түркістан қаласы, Саурам мөлтек ауданында ақпан айының басында болған.

Көршілердің айтуынша, Алпамыс батыр көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бірінде өрт шыққан уақытта Ғазиз басын қатерге тігіп, қызыл жалынға оранған аймаққа кіріп кеткен.

Ол бірнеше уақыттың ішінде 1, 3, 5 жастағы үш баланы көтеріп, қауіпсіз аймаққа шығарған.

Сол күнгі оқиғаның қалай өрбігенін Ғазиз Серікбайұлы өзі де баяндап берді.

"Үйге келіп балаларымды ойнатып отырғанымда, көршім жүгіріп келіп, үй өртеніп жатқанын айтты. Барлығын тастап сонда жүгірдім. Барсам барлық адамдар абыр-сабырға салынған, әйелдер шыңғырып жатыр екен.
Бірден жанып жатқан үйге кіруге ұмтылып, есікке бардым. Сөйтсем есік жабық тұр. Ойланбастан терезеден үйге кірдім. Өртке оранған бөлмеден балаларды көргенде, жүрегім тоқтап қала жаздады. Үлкен қыздың сол уақыттағы жанарын тіпті елестеткім де келмейді", - деген ол оқиғаның әрі қарай қалай өрбігенін айтты.
"Мен балаларды алып, терезе арқылы сыртта тұрғандарға бердім. Олардың ең кішісі бір жаста еді. Үш баланы өрттенген үйден алып шыққанан кейін, белімнің ауырғанын сездім. Ештеңе етпейді, бастысы балалардың дені сау. Оларды өртке оранған үйден құтқарып алып шыққаным үшін, өзімді "батыр" деп санамаймын. Мен үшін сондай қиындыққа шыдаған сол үш бала - батыр", - дейді Ғазиз.

Оның айтуынша, өрт салдарынан тұрғын үй толықтай жанып кеткен.

Дегенмен Ғазиздың көршілері "батыр азаматтың ерлігі көпке үлгі болуы" керек деген пікірде. Себебі, үй өртенген уақытта кейбір ер адамдар қызыл жалынды жай ғана тамашалап тұрған.

Оқиға орны, фото: Түркістан қаласының әкімдігі
Оқиға орны, фото: Түркістан қаласының әкімдігі: UGC

Ғазиз Нысанбаевтың ерлігін Түркістан қалалық әкімдікте елеусіз қалдырмаған. Мекеме басын қатерге тіккен азаматты "Алғыс хатпен" марапаттады.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов батыр азаматты кездейсоқ білгенін жеткізді. Ер адамға алғыс айтып, зардап шеккен отбасына көмектесу туралы шешім қабылданған.

Үй өртенген жер толығымен тазартылып, зардап шеккен отбасының несиесі жабылғаны белгілі болды.

Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

Фото: Түркістан қаласының әкімдігі
Фото: Түркістан қаласының әкімдігі: Instagram

Еске сала кетсек, осыған ұқсас жағдай өткен жылы Алматы облысында да орын алған. Талдықорған қаласында орналасқан тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, төтенше жағдай кезінде жергілікті жоғары оқу орнының студенті екі қызды құтқарып қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1841479-zregim-toktap-kala-zazdady-trkistandyk-azamat-s-balany-rtke-orangan-jden-alyp-sykty/

pixel