RU

Әйгілі «Нурикамал» әнінің авторы қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көпшілік сүйіп тыңдайтын "Нурикамал" әнінің авторы, танымал сазгер Тұрдықылыш Ізтаев қайтыс болды. Отандық және халықаралық байқаулардың лауреаты 71 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Түркістан облысының мәдениет басқармасы Facebook желісінде жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мәдениет басқармасы ресми парақшасында марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

"Қайғыра көңіл айтамыз. Бүгін қазақ өнері тағы бір саңлағынан айырылды. Елімізге танымал сазгер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Тұрдықылыш Ізтаев 71 жасқа қараған шағында бақиға аттанды. Осыған орай марқұмның туған-туыстары мен ұл-қыздарына қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын.

Тұрдықылыш Ізтаев 1949 жылы 30 маусым күні Түркіменстан Республикасының Тахтабазар ауданында дүниеге келген. 1968 жылы Шымкент музыка училищесін, 1973 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны, 1993 жылы Ленинградтағы Н.К. Крупская атындағы мәдениет институтының аспиратурасын бітірген.

Еңбек жолын 1973 Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтында бастап, сол ұжымда 1994 жылға дейін табанды қызмет етті. Халық аспаптар кафедрасының доценті. Ш.Қалдаяқов атындағы облысы филармонияның көркемдік жетекшісі, халық аспаптары оркестрінің дирижері. Өнер иесі 20-дан астам ғылыми және оқу әдістемелік жұмыс жазған.

Әндері жеке альбом болып «Махаббат – өмір» деген атпен жарық көрді. Қазақ еліне етене танымал «Нурикамал» әнінің авторы. Облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталған, облыс әкімі белгілеген «2000 жылдың ең үздік композиторы» атанған" , - деп жазды Түркістан облыстық мәдениет басқармасы.

NUR.KZ редакциясы Тұрдықылыш Ізтаевтың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйгілі «Нурикамал» әнінің авторы қайтыс болды
Mailfire view pixel